22.10.2009, 12:31 2903

Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы кедендік бақылауды жою мәселесі 2010 жылғы қаңтарда қаралады

Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы кедендік бақылауды жою мәселесі 2010 жылғы қаңтарда қаралады

Астана. 22 қазан. Kazakhstan Today - Ресей мен Қазақстанның шекарасындағы кедендік бақылауды жою мәселесі 2010 жылғы қаңтарда қаралады. Бұл жөнінде кеше Мәскеуде ЕурАзЭҚ Кедендік одағының ІХ отырысының қорытындылары бойынша ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстандық тарап Ресей мен Қазақстанның ішкі шекараларындағы кедендік бақылауды 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап жоюға әрекет етуде.

"Біздер Кеден кодексін қолданысқа енгізу және Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кедендік ресімдеуді жою мәселелерін талқыладық. Біздердің бұған дейін қабылдаған шешімдеріміз бойынша біз Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кедендік ресімдеуді 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап жоюға тиіс болатынбыз", - деді Ө.Шөкеев.

"Қазақстандық делегация мұны бір жыл бұрын, яғни 2010 жылғы шілденің 1-інен бастап жасауды ұсынады. Біздер барлық мәселелерді талқылауды және осындай жеделдету тетігіне 2010 жылғы қаңтарда оралуды шештік", - деп мәлімдеді ҚР вице-премьері.

Ө.Шүкеев сонымен қатар, тараптардың бір мезгілде бірыңғай кедендік тарифтерді енгізу мәселелерін қарағанын атап өтті. "Өтпелі кезеңге байланысты іс жүзінде барлық мәселелер бүгін келісілді. Бүгінгі күні бірыңғай кедендік тарифтер 100 пайыз келісілді және біздердің мемлекеттеріміз басшыларының талқылауына даяр деп сеніммен айтуға болады", - деді ол.

Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикалары Дүниежүзілік сауда ұйымына келісілген шарттармен және бір мезгілде енетін болады, деді Мәскеуде ЕурАзЭҚ Кедендік одағы тоғызыншы отырысының қорытындылары бойынша ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев.

"Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы бойынша өзіміздің көзқарасымыздың өзгеріссіз қалатынын қуаттаймыз. Біз Максим Медведковтың басқаруымен келіссөздер жүргізуші бірлескен топтар аясында келіссөздер жүргізетін боламыз. Қазақстандық тараптан келіссөздер жүргізу тобын Жанар Айтжанова басқарады, - деді вице-премьер. - Біздер ДСҰ-ға келісілген шарттармен және бір мезгілде енетін боламыз. Ирине, ДСҰ-да біздер барынша кең көлемді мәселелер бойынша да келіссөздер жүргіземіз. Сондықтан Кедендік одақтың құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша жеке келіссөздер жүргізе аламыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны