19.06.2008, 19:33 2882

Ресей президенті ресми сапармен Минскіге барады деп жоспарлануда

Ресей президенті ресми сапармен Минскіге барады деп жоспарлануда

Мәскеу. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев 22 маусымда ресми сапармен Беларусь еліне барады деп жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Беларусь президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу туралы екі президент 10 маусымда телефон арқылы әңгіме барысында келіскен. Кездесу Брест қаласында 22 маусымда - "Ұлы Отан соғысы құрбандарының бүкілхалықтық құрметі күні" өтеді.

"Президенттердің келіссөздерінде сауда-саттық байланыстар, сондай-ақ, газ тақырыбы басты арқауға айналмақ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны