03.10.2006, 12:00 2465

Ресей президенті шекаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін елімізге ресми сапармен келеді

ОРАЛ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге екі елдің шекаралық аймақтарының ынтымақтастық форумына қатысу үшін бүгін түскен дейін елімізге ресми сапармен келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

Форумға депутаттар, үкімет мүшелері мен екі елдің кәсіпкерлері қатысады. Кеше Қазақстан мен Ресейдің шекаралық облыстарының тауар өндірушілерінің көрмесін ашуға Оралға келген еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 6 айда 20 процентке артты, ал жыл аяғында оның көлемі 11 млрд. долларға жетуі мүмкін.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жүзбе-жүз кездесіп, артынан он шақты мемлекетаралық келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Соның ішінде Орынбор Газ өңдеу зауытының негізінде Қарашығанақ газын өңдейтін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім бар. Сонымен бірге мемлекет басшыларының қарауына "Қазақстанның батыс қақпасы" арнаулы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасы ұсынылмақшы. Бұған қоса көлік және энергетика салаларында да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Екі президент сонымен бірге "Тасқала- Озинки" көлік-логистикалық орталығы мен халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының тұсаукесеріне қатысады.

Н.Назарбаев пен В.Путин Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысады.

Сондай-ақ, В.Путин "А.Пушкин Оралда" атты мұражайға барады деп күтілуде.

Кешке Қазақстан Елбасы Ресей президентігнің құрметіне жаятын жұмыс бабындағы қонақасы дастарханынан кейін В.Путин Мәскеуге ұшып кетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны