БРЮССЕЛЬ. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ресей СІМ Сергей Лавров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысы аясында өткен Парламенттік ассамблеяның жалпы жиынында ұйымның саясатына қатаң сын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Ресей СІМ-нің пікірінше, ұйым кейінгі кездері өзінің басты миссиясы - қауіпсіздікті қорғау мен дау-дамайларды шешуден шегініс жасап, екінші дәрежелі ұсақ-түйек мәселелермен айналысып кетті. "Қауіпсіздік аясындағы бағдарламалар әлсізденіп, тақырып-аялары ұсақталып кетті",- деді С.Лавров.
Қазірде құқықтық және гуманитарлық іс-қызмет бағыттары басымдыққа ие болды. ЕҚЫҰ құл саудасымен және жыныстық қанаушылықпен күресуде, сайлаулардағы бақылаушылық тетіктерін жетілдіруге талпыныстар жасауда. Алайда, Ресей өкілдері жетекшісінің пікірінше, "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын жай ғана адами өлшемдермен өлшеуге болмайды. Қазіргі ЕҚЫҰ бастапқы мақсат-мүддеге жауап бере алмай қалды",- деді ол. "Теңсіздікті түзетуге талпыну керек. Ресей осы мақсатқа үндейді. Олай болмаған күнде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының атауын қайта өзгертіп, қайырымдылық көмек ұйымы деп атайық",- деді С.Лавров.
С.Лавровтың айтуынша, Ресей ЕҚЫҰ-ын қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жауап қата алатын, қажетті ұйым ретінде танығысы келеді. "Бірақ бар мәселе ұйымға қатысушы елдердің ЕҚЫҰ-ын шынайы әрекетке қабілетті ұйымға айналдырудан қаншалықты нетті екеніне тікелей байланысты",- деді Ресей СІМ.
"ЕҚЫҰ құрылымдары көмектесудің орнына, ұлттық деңгейден жоғары тұратын қадағалаушылар ролін атқаруда, - деді Ресей СІМ. - Біз ұйымға төрағалық жасайтын елдерді соттар мен сұрыптарға бөлетін уақыт та жетеді деп ойламаған едік. Біз Қазақстанның кандидатурасын қолдаймыз. Біздің пайымдауымызша, біреулерді оқытып-үйретуге талпынбай, мемлекеттер арасында тепе-теңдік қалыптасқан жағдайда ғана ілгерілеушілікке қол жеткізуге болады деп ойлаймыз".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті