30.11.2007, 11:50 2809

Ресей СІМ Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі өтінішін қолдайды

Ресей СІМ Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі өтінішін қолдайды

Мадрид. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ресей СІМ Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі өтініші оңды шешімін табады деген үмітте. Бұл туралы ол Мадридте өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында жасаған баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.

"Қисынды пікір жеңіске жетіп, бүгін біз Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы етіп бекітеміз деп сенеміз", -деп мәлімдеді С. Лавров Мадридте өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында.

С. Лавровтың пікірінше, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше бірқатар елдер Қазақстанға қатысты екіжүзділік саясатты ұстануға талпынуда.

"Біздің алаңдаушылығымызды тудырып отырған кейбір мәселелерле тоқтала кетейін. Біріншіден, бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің теңдік принципін бұзуға жасалған талпыныстар. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009 жылы төраға болу жөніндегі өтінішіне қатысты танымал елдер тобының көзқарасынан бұл жайт әсіресе айқын көрініс берді және беріп те отыр. Ал Қазақстанның төрағалығын ТМД-ға мүше барлық елдер қолдап отыр, бұл дегеніңіз ЕҚЫҰ мүшелерінің бестен бір бөлігі", - деді Ресей СІМ.

"Біздің қазақстандық әріптестерімізді өздерінің жарамдылығын қосымша тағы бір мәрте дәлелдеуге мәжбүрлеу талпынысы жасалды. Мұндай екіжүзділік саясатқа жол беруге болмайды", - деді С. Лавров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны