16.03.2007, 12:27 3198

Ресей үкімет басшысы наурыздың аяғында Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков 29-30-наурызда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ресей үкімет басшысының орынбасары Сергей Нарышкин Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуден кейін журналистерге құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл кездесуді біз Ресей үкімет басшысының Қазақстаға сапарына дайындық деп қараймыз",- деді С.Нарышкин. Оның айтуынша, К.Мәсімовпен сұхбат барысында "екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша кең көлемді мәселелер талқыланды".

Атап айтсақ, "кеше Ресей, Греция және Болгария арасында қол қойылған Бургас-Александруполис мұнай құбырын тарту жөніндегі үкіметаралық келісімге байланысты" Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру мәселесі талқыланды.

"Бургас-Александруполис мұнай құбырын тарту Қара теңіз аймағында мұнай тасымалдауға қатысты жалпы ахуалға ықпалын тигізбек", деді С.Нарышкин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны