30.03.2007, 11:18 3073

Ресей үкімет басшысының Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадковтың Қазақстанға екі күндік сапары аясында үш құжатқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республика Елордасынан.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы үкіметі РФ үкіметі арасындағы 2002-жылдың 7-маусымындағы мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан жағынан бұл құжатқа энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Ресей жағынан - өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Андрей Реус қол қойды.

Сонымен бірге "Қазақстан даму банкі" АҚ мен Ресейдің Внешэкономбанкі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан даму банкінің президенті Асқар Сенбин мен Внешэкономбанк төрағасы Владимир Дмитриев қол қойды.

Сонымен қатар Еуразиялық даму банкі мен Внешэкономбанк арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатқа Еуразиялық даму банкі басқармаларының төрағасы Игорь Финогенов пен Внешэкономбанк төрағасы В.Дмитриев қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны