15.06.2006, 11:27 2687

Ресей үкіметі лаңкестер мен экстремистерді анықтаудағы ынтымақтастық туралы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерімен келісімнің жобасын мақұлдады

МИСКЕУ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Ресей үкіметі Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің аумағына лаңкестік, экстремистік және сепаратистік іс-әрекеттерге қатысы бар адамдардың өтіп кету арналарын жабу мен оларды анықтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметі.

“Бұл келісім Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесе алдын-ала дәйектелген”.

Құжатқа сәйкес, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер лаңкестік, экстремистік және сепаратистік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылған арналар, лаңкестік пен экстремизмге қатысы бар күдікті ретінде танылған ұйымдар мен адамдар туралы ақпараттармен бөлісіп, сондай тұлғалардың елдерге өтіп кету, іздестіру және заң бұзушыларды ұстауға бағытталған шұғыл іздестіру шараларын өткізуге қолдау көрсетеді.

Келісімде нақты мерзім көрсетілмейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны