16.08.2006, 17:45 2869

Ресей Украинаға ЕурАзЭҚ-қа толық бірігу мүмкіндігі туралы ойластыруды ұсынады

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Ресей Украинаға ЕурАзЭҚ пен Кедендік одаққа толық бірігу мүмкіндігі туралы ойластыруды ұсынады. Бүгін Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков Украина үкімет басшысы Виктор Януковичпен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында журналистерге осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Регнум ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

М.Фрадков Ресейдің бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстарды дамытудан және бұл процестерге Украинаның да атсалысуынан мүдделі екенін жеткізді. Дегенмен ол осы орайда былай деп атап өтті: "Ресей жағы ол үшін Украинаның ойлануы қажет екенін түсінеді. Сол себепті біз Украиналық әріптестерімізді асықтырмаймыз".

"Виктор Януковичпен Сочидегі кездесуіміз ЕурАзЭҚ саммитінің аясында өткізілді. Бұл Украинаның бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстардан мүдделі екенін дәлелдейді",- деді М.Фрадков.

Қазіргі таңда ЕурАзЭҚ-қа біріккен елдердің санатында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бар. 2002-жылдың мамыр айынан бері Украина осы қоғамдастықтағы бақылаушы мәртебесіне ие.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны