27.03.2008, 15:12 2530

Ресей ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің біріккен мәліметтер базасының іс-қызметін қамтамасыз ету бағытындағы бағдарламалық өнімдер шығаруға қажетті қаржыны бөлді - Бордюжа

Ресей ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің біріккен мәліметтер базасының іс-қызметін қамтамасыз ету бағытындағы бағдарламалық өнімдер шығаруға қажетті қаржыны бөлді - Бордюжа

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ресей ҰҚШҰ заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің біріккен мәліметтер базасының іс-қызметін қамтамасыз ету бағытындағы бағдарламалық өнімдер шығаруға қажетті қаржыны бөлді. Бұл туралы бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа Астанада өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің арнаулы қызметтеріміз бен құқық қорғау органдарымыз арасында ақпарат, соның ішінде құпия ақпарат алмасу тетіктерін ойластыру жұмыстарын жалғастырудың маңызы зор", - деді Н. Бордюжа.

"Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдардың біріккен мәліметтер базасын құру осы бағытты сапалық жоғары деңгейде көтеруге мүмкіндік береді. Және қазір менің білуімше, Ресей осынау біріккен ақпараттық жүйеге арналған бағдароамалық өнімді жасауға қажетті қаржыны бөлді", - деді ол.

"Осындай ақпараттарға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының форматында жүзеге асырылып жатқан заңсыз көші-қонға қарсы күреске бағытталған "Нелегал" операциясы барысында алынған ақпаратты да қосу қажет", - деді бас хатшы.

"Осы орайда айта кету кереу, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз ету туралы келісімге, сондай-ақ, арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдарын жабдықтау үшін жеңілдікпен арнаулы техникалар мен арнаулы құралдар беру жөніндегі келісімге қол қоюы осы бағытағы жұмыстарды пәрмендендіруге мүмкіндік ашады", - деді ол.

Сонымен бірге, Н. Бордюжаның ақпаратына сәйкес, қазір "ұйым ға мүше елдердің арасындағы арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдарының мамандарын дайындау жөніндегі келісім мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі 2011 жылға дейінгі заңсыз есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қарсы күреске бағытталған қосымша іс-шаралардың жоспарының жобалары жоғары дайындық деңгейіне жетті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны