10.10.2012, 15:49 3037

Ресей және Қазақстан әуе қорғанысының біртұтас жүйесін құра алады

Ресей және Қазақстанның әуе қорғанысының біртұтас жүйесін құру келешегін сейсенбіде Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков және оның қазақстандық әріптесі Иділбек Жақсыбеков талқылады, деп хабарлады "Интерфакс" ақпараттық агенттігіне ресейлік министрдің баспасөз хатшысы подполковник Ирина Ковальчук.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Ресей және Қазақстан әуе қорғанысының біртұтас жүйесін құра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресей және Қазақстанның әуе қорғанысының біртұтас жүйесін құру келешегін сейсенбіде Ресей қорғаныс министрі Анатолий Сердюков және оның қазақстандық әріптесі Иділбек Жақсыбеков талқылады, деп хабарлады "Интерфакс" ақпараттық агенттігіне ресейлік министрдің баспасөз хатшысы подполковник Ирина Ковальчук.

"Жылдың соңына дейін бұл келісімнің жобасы бойынша ішкі мемлекеттік келісу процедураларын аяқтап, қол қоюға дайындау жоспарлануда", деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, әскери ведомстволардың жетекшілері Ресей және Қазақстанның әскери-техникалық өз ара ықпалдастығын дамыту келешегін сөз етті және тікұшақ техникасын жөндеу саласында ынтымақтасу мәселелерін қарауға келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны