03.07.2006, 17:59 3039

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Қазақстан азаматына шабуыл жасалуға байланысты РФ СІМ-іне нота жолдады

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Ресейдегі Қазақстан елшілігі Қазақстан азаматына шабуыл жасалу дерегіне байланысты мұқият тексеру жүргізіп, барлық айыпкерлерді жазаға тарту туралы РФ СІМ-іне дипломатиялық нота жолдады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, 1-шілдеде 30 адамнан құралған топ 30 жастағы Қазақстан азаматы Амантай Ербозовқа шабуыл жасаған. Ол Мәскеудегі бір әскери оқу орнында алты айлық біліктілік жетілдіру дәрістерінде оқып жүрген көрінеді. Шабуылшылар оны пышақтап алған. “Қазір оның жағдайы орташа деп бағалануда. Дерек бойынша топ құрған тұлғалардың нәсілдік және ұлттық жек көрушілік немесе жауласу себептеріне байланысты адамның денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру жөніндегі бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды”,- деді Е.Ашықбаев.

“Біз бұл оқиғаға Ресей жағы айрықша мән береді деп сенеміз”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны