05.03.2012, 12:05 3260

Ресейдің ОСК алдын ала мәліметтері бойынша президент сайлауында Владимир Путин көш бастап келеді

Ресей орталық сайлау комиссиясы ел президентін сайлаудағы берілген дауыстардың 97,47 пайызын санап үлгерген. Соңғы мәліметтер бойынша, Владимир Путин 64,06 пайыз дауыс жинап, сайлаудың бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жеткен.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Ресейдің ОСК алдын ала мәліметтері бойынша президент сайлауында Владимир Путин көш бастап келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресей орталық сайлау комиссиясы ел президентін сайлаудағы берілген дауыстардың 97,47 пайызын санап үлгерген, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Владимир Путин 64,06 пайыз дауыс жинап, сайлаудың бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жеткен. Екінші орындағы Ресей коммунисттік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов үшін 17,15 пайыз дауыс берген. Ал үшінші орындағы тәуелсіз үміткер Михаил Прохоров 7,6 пайыз дауыс жинапты.

Либералды демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновский үшін 6,24 пайыз, ал Справедливая Россия партиясының басшысы Сергей Миронов үшін 3,62 пайыз дауыс берген. Владимир Жириновский мен Сергей Миронов сайлаудың алғашқы қорытындылары жариялағаннан кейін, Владимир Путинды жеңіспен құттықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны