28.05.2007, 14:49 2904

Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресейге ресми сапармен барады

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. 31 мамыр - 1 маусым аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ресей Федерациясының басшылығымен кездесуі барысында екі жақты ынтымақтастықтың барлық ауқымы бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сонымен қоса, Ресейдің Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі жоспарланған",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны