23.10.2006, 16:47 3111

Республика үкімет басшысы жұмыс сапарымен 26-қазанда Ресейге барады

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. 26 қазанда ҚР премьер-министрі Даниал Ахметов Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сапар барысында жоспарланған Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Фрадковпен кездесудің негізгі тақырыбы - Байқоңыр ғарыш кешенінің мәселелері, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, сондай-ақ көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері болады",- дейді Е.Ашықбаев.

Сонымен қатар, дипломаттың хабарлауынша, "25 қазанда Мәскеу қаласына ҚР мер РФ арасындағы үкіметаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 10-шы отырысын өтеді. Оның барысында екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны