21.05.2010, 14:20 2870

РФ Челябинск облысында қазанда ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің жедел тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі

РФ Челябинск облысында қазанда ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің жедел тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan Today - РФ Челябинск облысының Чебаркуль гарнизонында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше алты мемлекеттің өкілдері кеше Ұжымдық жедел әрекет етуші күштердің бірлескен жедел тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу туралы хаттамаға қол қойды. ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің жедел тактикалық оқу-жаттығулары Челябинск облысында 2010 жылдың 25-28 - қазанында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан өкілдері мен ҰҚШҰ біріккен штабының жетекшілері қол қойды. Бұл - Ұжымдық жедел әрекет етуші күштердің екінші оқу-жаттығулары. Біріншісі 2009 жылғы күзде Қазақстанда өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны