13.03.2009, 16:49 2822

РФ Мемлекеттік думасы "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңды ратификациялады

РФ Мемлекеттік думасы "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңды ратификациялады

Мәскеу. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - РФ Мемлекеттік думасы "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңды ратификациялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИТАР-ТАСС ақпараттық агетнтігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың шілдесінде "Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі ҚР мен РФ үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңға қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің басты мақсаты - екі елдің шекаралық аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптерін жеңілдетуге саяды.

Жаңа құжатқа сәйкес, "шекаралық аумақтардың тұрғындары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадан осы өңірде тұру дерегін растайтын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы өткізу бекеттерінен өтеді".

Келісімге 2006-жылдың 3-қазанында Оралда қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны