05.12.2007, 18:57 2999

РФ мен АҚШ 2007 жылдың аяғына дейін Зымыранға қарсы қорғаныс мәселері бойынша келіссөздердің жаңа раундын өткізуді жоспарлап отырған жоқ

РФ мен АҚШ 2007 жылдың аяғына дейін Зымыранға қарсы қорғаныс мәселері бойынша келіссөздердің жаңа раундын өткізуді жоспарлап отырған жоқ

Баку. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - РФ мен АҚШ 2007 жылдың аяғына дейін Зымыранға қарсы қорғаныс мәселері бойынша "2+2" форматы бойынша келіссөздердің жаңа раундын өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Изербайжандағы елшісі Василий Истратов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""2+2" форматы бойынша келіссөздердің жаңа раундын өткізу мәселесіне келсек, биылға мұндай шара жоспарланған жоқ. Алайда, алдағы уақытта осы формат бойынша байланыстар қарастырылып отыр", -деді елші.

Ол сондай-ақ, Ресейдің Польша және Чехиямен өз аумақтарында АҚШ-тың Зымыранға қарсы қорғаныс элементтерін орналастыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ, деп мәлімдеді.

"Бұл мәселеге қатысты біздің ұстанымымыз Польша үкіметіне де, Чехия үкіметіне де мәлім. Қазір АҚШ осы мәселелер бойынша аталған үкіметтермен келіссөздер жүргізуде", - деді В. Истратов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны