15.06.2007, 16:23 2986

РФ президенті Ресей, Болгария және Греция үкіметтерінің арасындағы Бургас-Александруполис мұнай құбырын салу туралы келісімді бекітті

МИСКЕУ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының үкіметі, Болгария Республикасының үкіметі және Греция Республикасы үкіметінің арасындағы Бургас-Александруполис мұнай құбырын салу және пайдалануға беру туралы келісімді бекіту туралы" Федералдық заңға қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Афиныда 2007 жылдың 15 наурызында қол қойылған келісімді Ресей Федерациясының үкіметі "Ресей Федерациясының халықаралық келісімдері туралы" Фдералдық заңының 16-бабының 1-тармығына сәйкес енгізген.

Келісімнің мақсаты Бургас-Александруполис мұнай құбырын салу және пайдаланға беру барысында ынтымақтастық бағыттарын анықтау болып табылады. Бастапқы өткізу мүмкіндігі жылына 35 млн тоннадан және оның мүмкіндігін жылына 50 млн тонна мұнайға дейін кеңейту көзделуде.

Келісімнің 2-бабына сәйкес тараптар мұнай құбырының иесі және шаруашылық субъектілері (қатысушылар) құратын Халықаралық жобалау компаниясын құруға көмек көрсетеді. Олардың аталған компанияның жарғылық (акционерлік) капиталындағы үлестерінің 51 пайызы ресейлік қатысушылардың ("Бургас - Александруполис" Құбыр консорциумы жауапкершілігі шектеулі қоғам; 24,5 пайызы - болгарлық қатысушылардың ("Бургас-Александруполис-БГ мұнай құбыры" Жобалау компаниясы) акционерлік қоғамы); 24,5 пайызы - грек қатысушыларының ("ХЕЛПЕ С.А. - ТРАКИ С.А." біріккен кәсіпорыны, 23,5 пайызы -Греция мемлекетінің үлесіне тиеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны