06.06.2012, 11:18 2860

РФ Президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Ресми өкілдің айтуынша сапар аясында Ресей Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жайын сөз етпек.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - 7 маусым күні Қазақстанға ресми сапармен РФ Президенті Владимир Путин келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл ақпаратты бүгін Астанада өткен брифингте еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша сапар аясында Ресей Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жайын сөз етпек.

Одан өзге екі ел басшылары ТМД, Еуразиялық кеңістік, Кеден одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мәселелеріне де тоқталып, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарлануда. Оның ішінде екі елдің Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы базалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттамаға қол қойылмақ. Сондай-ақ брифингте мәлім болғандай АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әуежайдан 4 Қазақстан азаматы елге қайтарылды. Олар АҚШ еліне "Work and Travel" жазғы бағдарламасы арқылы келген.

"Біз америкалық тараппен келіссіөздерге шығып, олардан аталмыш бағдарламаны жүзеге асырған АҚШ компаниясы жергілікті құқық қорғау органдарының күдікті деген компанияларының қатарында екенін мәлім болды. Сондықтан қазақстандық азаматтардың визаларының әуежайда-ақ күші жойылғаны анықталды", - деп мәлім етті ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны