22.02.2008, 10:23 1407

РФ президенті Владимир Путин Молдова басшысын қабылдады

РФ президенті Владимир Путин Молдова басшысын қабылдады

Мәскеу. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Владимир Путин Молдова президенті Владимир Воронинді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

В. Путин Ресей-Молдова қатынастарының дамуына қанағаттанатынын білдірді. "Ресей-Молдова қатынастары жалпы алғанда нашар дамып жатқан жоқ", - деп мәлімдеді РФ президенті кездесу алдында.

Оның айтуынша, қосымша күш-жігерді талап ететін бірнеше бағыттар бар. "Қосымша талқылауды қажет ететін кейбір мәселелер бар", - деді В. Путин.

В. Ворониннің пайымдауынша, бұл Приднестровье мәселесі. Ол осы мәселені В. Путинмен талқылауды дұрыс көретінін атап көрсетті. "Молдова екі жақты қатынастар, сондай-ақ, Приднестровье бойынша екі елге ортақ мәселелерді талқылауға дайын. Біз бұл әңгімеге дайынбыз", - деді В. Воронин.

Бұрын хабарлағанымыздай, ТМД елдерінің басшылары Мәскеуге бүгін болатын ресми емес саммитке қатысу үшін келген. В. Путин ТМД елдері басшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді. Ресей президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Молдова президенті Владимир Ворониннен өзге, Тәжікстан президенті - Эмомали Рахмон, Грузия президенті - Михаил Саакашвили және Қырғызстан президенті - Құрманбек Бакиев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны