08.09.2006, 14:35 2724

РФ СІМ-нің орынбасары мен ҚР СІМ-нің орынбасары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымын реформалау мәселесін талқылады

МИСКЕУ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. РФ СІМ-нің орынбасары Александр Глушко кеше Мәскеуде ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Илиевпен кеңес өткізді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне РФ СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі ахуалы мен оны реформалау, сондай-ақ, ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тиімділігін арттыру жөніндегі" Любляна қаласында 2005-жылдың 5-6-желтоқсанында қабылдаған шешімін жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны