04.09.2012, 13:11 3172

Рим папасының елшісі Қазақстанда елбасымен және сенат төрағасымен кездеседі

Рим папасының елшісі кардинал Анджело Содано Қазақстанға 9 қыркүйек күні келіп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, сондай-ақ Қарағандыдағы жаңа католиктер шіркеуін аластайды.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Рим папасының елшісі Қазақстанда елбасымен және сенат төрағасымен кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Рим папасының елшісі кардинал Анджело Содано Қазақстанға 9 қыркүйек күні келіп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, сондай-ақ Қарағандыдағы жаңа католиктер шіркеуін аластайды.

"5-9 қыркүйек күні Қазақстанға Рим папасы өзіне елші етіп тағайындаған кардинал Анджело Соданоның сапары жасалады. Ол 9 қыркүйек күні Қарағандыдағы Қасиетті Мария Фатимскаяның католиктік шіркеуін аластайды. Сапар барысында оның Қазақстан Президенті Назарбаевпен, Парламент Сенатының өкілімен, Илемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі секретариатының жетекшісі Қайрат Мәмимен кездесуі жоспарланған", - дейді СІМ ресми өкілі Алтай Ибибуллаев. Бұл туралы КазТАГ хабарлайды.

Ибибуллаевтың айтуынша, бұл - кардинал Анджело Соданоның 2013 жылдың мамырынан кейінгі біздің елімізге екінші сапары. "Ватиканның мемлекеттік хатшысы бола тұрып, ол қарағандылық католиктік шіркеудің алғаш болып іргетасын қалады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны