11.09.2009, 16:29 2999

Румыния Қазақстанмен ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау тәжірибесімен бөлісе алады

Румыния Қазақстанмен ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау тәжірибесімен бөлісе алады

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Румыния Қазақстанмен ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау тәжірибесімен бөлісе алады, бұл Қазақстанның мақсат-міндетін жеңілдетуге көмектеседі. Бұл туралы бүгін Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Румыния үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысында Қазақстанның экономика вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Румыния экономикалық, әлеуметтік және мудени дамуы жағынан да, социалистік блоктағы ортақ тарихы бойынша да бізбен жақын ел. 2001 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде Румыния Республикасына осы ұйыммен интеграциялана отырып, біршама мәселені шешуге тура келді. Сол себепті біз үшін Румыния жағы тарапынан қандай нақты бастамалар жасалғанын, заңнамаға қандай өзгерістер енгізілгенін, қандай нақты қадамдардың іске асырылғанын білу аса маңызды", - деді Т. Сүлейменов.

"Румыния президентінің қазан айына жоспарланған сапары кезінде көптеген мәселелер талқыланады, соның ішінде айрықша маңыздысы экономика мен энергетика болмақ", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны