02.08.2007, 18:02 2606

Саяси партиялар сайлау комиссиясының жұмысына қатысу мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр

АСТАНА. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Саяси партиялар сайлау комиссиясының жұмысына қатысу мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында оның басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз партиялар мен облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан сайлау заңы бойынша сайлау комиссияларының құрамына кеңес барысында дауыс беру құқығын беріп отырған мүмкіндіктерді партиялардың пайдалануы туралы мәліметтерді келтіруді сұрадық. Берілген мәліметтер бізді ойландырып тастады",- деді Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол, жалпы республика бойынша " мәслихат депутаттары бойынша облыстық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларында Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының төрт өкілдігі бар (Алматы қалалық, Қостанай облыстық, Шығыс Қазақстан облыстық және Қызылорда облыстық сайлау комиссияларында бір-бірден)" екенін атап өтті. "Аталған комиссияларда кеңес барысында дауыс беру құқығы басқа партиялардың өкілдерінде жоқ",- деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

"Бұл партиялардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысу үшін өздеріне сайлау заңымен берілген мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отыр деген сөз",- деп санайды Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол сонымен қатар, "кеңес барысында дауыс беру құқығымен сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыстарына өздерінің тарапынан кедергі келтіру жағдайы Орталық сайлау комиссиясында тіркелмегендігін" атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны