02.09.2007, 10:52 1382

Саяси реформалар таяу айларда заң жүзінде толық рәсімделуге тиіс - президент

Саяси реформалар таяу айларда заң жүзінде толық рәсімделуге тиіс. Бұл туралы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап көрсетті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Саяси реформалар таяу айларда заң жүзінде толық рәсімделуге тиіс. Бұл туралы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап көрсетті.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерді жүзеге асыруға бағытталған заңдарды таяу уақыттарда қарау қажет", - деді президент.

Атап айтсақ, ""Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға, "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға, "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтыруларды және өлім жазасын іс жүзінде алып тастауды, тұтқындауға соттан санкция беруді енгізуді регламенттейтін заңдарды қабылдау қажет".

"Бұған қоса жергілікті өзін өзі басқару мен мемлекеттік басқару іс-қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық актілер мен саяси партиялардың іс-қызметін, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі күшейту жөніндегі және басқа да заңдарды қабылдау қажет", - деді Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны