08.12.2006, 17:42 2486

Саяси реформаларды ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкестендіруге тағы бір жыл мұрсат алу арқылы біздің ұйымға төрағалық ету мүмкіндігіміз арта түсті - Илиев

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мүмкіндігі арта түсті : енді бізде саяси реформаларды ЕҚЫҰ-ның ең қатал серіктестерін қанағаттандыратындай стандарттарға сәйкестендіру үшін тағы бір жыл уақытымыз бар, деп мәлімдеді Қазақстан сіртқі істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Илиев "Караван" апталығына берген сұхбатында.

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мүмкіндігі арта түсті : енді бізде саяси реформаларды ЕҚЫҰ-ның ең қатал серіктестерін қанағаттандыратындай стандарттарға сәйкестендіру үшін тағы бір жыл уақытымыз бар, деп мәлімдеді Қазақстан сіртқі істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Илиев "Караван" апталығына берген сұхбатында.

"Егер бізде заңнаманы ізгіліктендіру саласында нық нәтижеміз болса, демократиялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы табысты болса - біз 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін боламыз", -деді Р.Илиев.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда таяу жылдары қабылданған бірқатар заңдар Брюссельдегі шешімге ықпал етті. "Егер соңғы жылдары , былай айтқанда, бізді бұрынғы заманға жетелейтін, оғаш заңдар қабылданбағанда, мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қабылданбағанда, біз осы күні ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету мандатына ие болар едік",-деді ол.

Р.Илиевтың пікірінше, қазіргі сәтте осы мәселе бойынша ілгерілеу бар. "Соңғы сайлау заңына қатысты өзгерістерді алсақ та болады",-дейді ол.

Сонымен қатар, Р.Илиев, "саяси өзгерістерді бір сызба үлгімен жүргізуге болмайды", деп есептейді. Айғақ ретінде ол "горбачевтың қайта құру кезеңін" тілге тиек етті. "Келісілмей жасалған саяси саладағы экономикалық реформалардың қандай нәтижеге әкеп соқтыратындығының айқын айғағы. Ол тек бейберекетсіздік пен астаң кестеңге әкеп соғады",-дейді вице-министр.

"Енді Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы серіктестерін төрағалыққа лайықты үміткер екеніне сендіру үшін жеткілікті уақыты бар. Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияны елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруы, Қазақстан ниетінің салмағын байқатады. Ендеше жұмыс істейік. 2007 жыл өзгерістер жылы болуы керек",-деді ол.

Айта қетейік, Брюссельде өткен ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде Қазақстанның төрағалық ету туралы өтінімін қабылдауды келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылданған болатын. Ақтық шешім Мадридте 2007 жылы қабылдануы керек , дейді Р.Илиев. Оның пікірінше, сол мәжілісте қол жеткен келісім қазақстандық дипломатияның үлкен жетістігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны