13.09.2006, 17:31 2682

Сайланған жағдайда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына лайықты деңгейде басшылық жасайды - президент

Сайланған жағдайда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына лайықты деңгейде басшылық жасайды - президент

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Сайланған жағдайда Қазақстан 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына лайықты деңгейде басшылық жасайды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Меніңше, біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдіре аламыз. Және біз бұл міндетті лайықты атқара алар едік",- деп мәлімдеді президент.

"Өзінің тұрақтылығымен, 130 ұлттың өкілдеріне тыныш өмір сүруге жағдай жасап беріп отырған Қазақстан төзімділік үлгісі болуға лайық. Біздің тәжірибеміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үшін аса маңызды. Біздің табыстарымыз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы үшін аса қызғылықты",- деп санайды Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ТМД-ға біріккен барлық 12 мемлекеттің атынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдірген ұжымдық кандидатура екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны