01.08.2008, 13:55 2553

Сайлау органдары таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз етуге тиіс

Сайлау органдары таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз етуге тиіс

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Сайлау органдары таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарының сайлауы жанама сайлау құқығының негізінде өтетіндіктен, яғни, дауыс беруге сайлаушы ретінде мәслихат депутаттары қатысатындықтан, сайлау органдарының бір басты міндеті - таяу уақыттарда мәслихат депутаттарының қатарын толықтыра сайлауды қамтамасыз ету. Өйткені, кейбір округтерде түрлі себептермен депутаттардың орны бос", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, "бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс істейді, олардағы депутаттар корпусында 3 335 адам бар. Қазіргі жағдаймен 34 мандат иесіз".

"Тиісті округтерде кеткен депутаттардың орнына басқасын сайлау бағытында сайлау науқандары жүргізілуде. Олардың басым бөлігі тамыз айында аяқталуға тиіс, соңғы кезеңі - қыркүйектің бірінші онкүндігі", - деді ОСК төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны