30.11.2007, 16:35 5852

Сайлау туралы заң 2008 жылдың аяғына дейін реформаланады - ҚР СІМ

Сайлау туралы заң 2008 жылдың аяғына дейін реформаланады - ҚР СІМ

Алматы. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының және ұйымның басқа да институттарының көмегімен Қазақстан 2008 жылдың аяғына дейін Сайлау туралы заңды реформалауға шаралар қолданбақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің 15 отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.

Өз баяндамасында М. Тәжиннің хабарлауынша, "Қазақстан сайлау саласы мен саяси партияларға қатысты заңнама бойынша Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының нұсқауларын орындау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Кең көлемді пікірталастардың негізінде дәйектелген нұсқаулардың базасында ҚР ОСК нұсқаулар қоржынын дайындап, оны үкімет 2008 жылы қарайды деп күтілуде. Аталған нұсқаулар қоржынының негізінде жасалатын заң жобасы келесі жылы парламент мәжілісіне жолданады".

"Сөйтіп, біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының және ұйымның басқа да институттарының көмегімен 2008 жылдың аяғына дейін Сайлау туралы заңды реформалауға шаралар қолданбақшымыз. Қазақстан сондай-ақ, 2008 жылдың аяғына дейін саяси партияларға тіркелуге қатысты қойылатын талаптарды либерализациялауға шара қолданады", - деді ҚР СІМ.

Сонымен бірге, сыртқы істер министрінің айтуынша, жүзеге асырылған конституциялық реформалардың аясында жергілікті өкілетті билік органдарының құзыреті біршама кеңейтіле түсті. Олардың жалпы мемлекеттік билік жүйесіндегі ролі мен орны жаңаша айқындалды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына келешекте төраға болу мүмкіндігі шеңберінде мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған талпыныстары күшейтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны