02.08.2007, 16:34 2769

Сайлауға қатысатын жеті партия өздерінің сайлау қорын қалыптастырды - ОСК

АСТАНА. 2 тамыз. Kazakhstan Today. Сайлауға қатысатын барлық жеті партия өздерінің сайлау қорын қалыптастырды. Бұл туралы бүгін ОСК отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
""Қазақстанның Халық жинақ банкі" АҚ-ынан Орталық сайлау комиссиясына келтірген ақпаратқа сәйкес, сайлауға қатысатын барлық жеті партия да өздерінің сайлау қорын қалыптастырып, оны түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсене пайдалануда", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Атап айтсақ, 2007 жылдың 1-тамызындағы жағдаймен ЖСДП-ның сайлау қоры 126 млн 831 мың теңге болды. Қор қаржысынан 93 млн 739 мың теңге жұмсалды. "Нұр Отан" ХДП-ның қоры 137 млн 766 мың теңге, қор шығынжары - 127 млн 802 мың тенге болды.

Қазақстанның Патриоттары партиясының қоыр - 499 мың 655 теңге, қор шығындары 499 мың 651 теңге болды. Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясының қоры 14 млн 008 мың теңге, қор шығындары - 12 млн 110 мың теңгеге жетті. Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясының қоры 85 млн 572 мың теңге, шығындары - 60 млн 187 мың теңге болды. "Руханият" партиясының қоры 3 млн 830 мың теңге, шығындары - 2 млн 656 мың теңге болды. Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы 1 млн 008 мың 500 теңге көлемінде қор жинап, оның 9030 теңгесін жұмсады.

"Орталық сайлау комиссиясы партиялардың сайлау қорларынан жұмсалған қаржыға бұдан былай да бақылау жасап, жұртшылықты ол жайында хабардар етіп отырады", - деді Қ.Тұрғанқұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны