09.12.2011, 08:59 3206

Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ

"Ақ жол" ҚДП басқа партиялардың сайлаудың әділ өтуі туралы ұсынысын қолдай отырып, өзіндік ерекше "Fair play" ережесін қабылдау қажет деп санайды", - деп мәлім етті партия төрағасы Азат Перуашев Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімді тіркеу барысында.

Алматы. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП басқа партиялардың сайлаудың әділ өтуі туралы ұсынысын қолдай отырып, өзіндік ерекше "Fair play" ережесін қабылдау қажет деп санайды", - деп мәлім етті партия төрағасы Азат Перуашев Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімді тіркеу барысында.

"Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ",- деген сенімде "Ақ жолдықтар".

Осыған байланысты "Ақ жол" партиясы "алдағы сайлау Қазақстанның әділ, ашық та айқын сайлау өткізе алатындығының тағы бір дәлелі болуға тиіс", деп санайды.

"Біз бұл сайлаудың ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтің ел саясатын жаңғырту жөніндегі бастамасының жалғасы болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың демократиялық дамуының жаңа кезеңінің бастамасы болғандығын қалаймыз. Сондықтан да "Ақ жол" партиясы сайлау процедуралырының әділ өтуі ғана емес, сайлаушылардың дауыс беруге деген белсенділіктері қажет деп санайды",- деп мәлім етті ҚДП.

"Ирбір азамат дауыс бере отырып өзінің мемлекетті басқаруға қатысатын конституциялық құқығын жүзеге асыра білуі өте маңызды. Сонда ғана берілген дауыс саны ең маңызды болып табылатын процедураның айқын да ашық болатындығы туралы айтуға болады",- деп атап көрсетті Азат Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны