Система Orphus

"Самұрық-Энерго" мен КЕРСО арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

18.09.2012, 13:52 1269

Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Энерго" АҚ және корейлік КЕРСО компаниясы атом энергетикасын зерттеу және дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сеулдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке қатысу қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ тапсырмасымен ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Астанада "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Серік Оспановтың КЕРСО корпорациясының (Корей Республикасы) вице-президенті Джун-Ён Бёнмен кездесуі өтті.

Келіссөздер нәтижесі бойынша атом энергетикасын зерттеу және дамыту саласындағы ынтымақтастық жөнінде "Самұрық-Қазына" АҚ және КЕРСО арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды.

"Аталмыш құжат Қазақстан мен Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту саласында біріккен зерттеулер жүргізуге, электроэнергетикалық саладағы маңызды мақсаттарды шешуде жұмыс тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік береді", - делінген ақпаратта.

KEPCO (Korea Electric Power Corporation) - Оңтүстік Кореядағы ірі электроэнергетикалық компания саналады. Электр энергиясын өндіру, тарату және бөлумен айналысады. Электроэнергетика, сондай-ақ, атом энергетикасы, жел және көмір энергиясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру қызметін атқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны