24.01.2007, 18:52 3007

Санкт-Петербургте Қазақстан-Ресей палатааралық парламенттік комиссияның жетінші отырысы өтеді

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Санкт-Петербургте 25-27-ші қаңтар аралығында Қазақстан парламентінің мәжілісі мен Ресейдің Федералдық жиынының Мемлекеттік думасының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-ресей палатааралық парламенттік комиссияның жетінші отырысы өтеді,

деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырыста, атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау және білім беру саласындағы заңдарды жетілдіру туралы мәселелер талқыланбақ. Таврия сарайында болатын отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылады.

Санкт-Петербургке бару аясында қазақстандық депутаттар бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, олар "Водоканал Санкт-Петербурга" ААҚ басшылығымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездеседі.

Қазақстан мен Ресей парламенттерінің төменгі палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссия тұрақты қызмет ететін парламентаралық ынтымақтастық органы болып табылады. Комиссия өз құзыреті аясында парламенттер арасындағы байланысты дамытуға көмегін тигізіп, парламенттік қызметтің барлық салалары бойынша ақпараттар алмасумен және кеңес берумен айналысады. Комиссия отырысы жылына екі рет өтеді. Оның шешімі нұсқаулық сипатқа ие. Комиссия төрағалары Қазақстан жағынан Бағила Баймағамбетова, ал Ресей жағынан Ахмед Билалов болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны