09.04.2007, 18:15 3236

Санкт-Петербургте ШЫҰ мүше мемлекеттердің жоғарғы сот өкілдерінің кезекті кеңесі ашылды

АСТАНА. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Санкт-Петербургте Шанхай ынтымақтастық ұйымдарына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот өкілдерінің кезекті кеңесі ашылды, оған бес елдің өкілдері қатысады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Форумда ұлттық соттардың халықаралық құқық нормаларын пайдалану, есірткіге және экстремизмге байланысты қылмыстар туралы істер жөніндегі сот практикасының проблемаларын талқылауға ұсыныс жасалған",- деп нақтылап өтті Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының баспасөз қызметіндегілер. Баспасөз қызметің ақпараттарына сүйенсек, қазақстандық делегацияны Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми бастап барады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы "Шанхай бестігі" (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан) базасында аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу және сенім шараларын нығайту мақсатында 2001 жылы құрылған болатын. Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында да таралған. ШЫҰ органдарының бірі министрліктер мен ведомстволар басшыларының кеңесі болып табылады. Өткен жылы ШЫҰ мүше елдердің парламент спикерлері мен жоғарғы соттарының бірінші кездесуі өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны