05.06.2007, 17:05 8753

Саудабаев пен Баучер Қазақстандағы саяси реформалар жайлы талқылады

АСТАНА. 5 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучерді қабылдады, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен.

"Кездесу барысында екі жақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың дамуының оң беталысын атап өтті. Кездесу барысында олар, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың қыркүйегіндегі Вашингтонға сапары "Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің сапалық жаңа деңгейге көтергендігі" туралы пікірлерін білдірді",- деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, екі жақ Қазақстандағы саяси реформалардың барысы мен таяудағы конституциялық түзетулерді талқылады, оны Қ. Саудабаев "Қазақстан қоғамы мен мемлекет басшысының елдегі демократиялық процестерге жаңа екпін беру жөніндегі бір жерде тоқайласқан пікірі мен ерік-жігерінің шоғыр көрінісі ", деп атап өтті.

"Мен бұл сапарды екі елдің экономикалық мәселелер мен аймақтық қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастығының алға жылжуын қамтамасыз етудің тағы бір мүмкіндігі деп санаймын",- деді Р. Баучер кездесудің аяқталуына орай өткен брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны