01.08.2008, 13:42 1241

Сенат депутатын сайлау процедураларының толық циклі күнтізбелік 73 күнде аяқталады - Тұрғанқұлов

Сенат депутатын сайлау процедураларының толық циклі күнтізбелік 73 күнде аяқталады - Тұрғанқұлов

Астана. 1 тамыз . "Қазақстан Бүгін" - Орталық сайлау комиссиясы бүгін бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша, сайлау заңнамасында қарастырылған сенат депутатын сайлау процедураларының толық циклі күнтізбелік 73 күнде аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Конституциясына сәйкес, сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, сенаттың он бес депутатын Республика президенті тағайындайды,- деді Қ.Тұрғанқұлов.

Үміткерлердің атын ұсыну 2 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында, үміткерлерді тіркеу 13 қыркүйекке дейін, сайлау алыдндағы үгіт-насихат 14 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жүргізіледі.

"Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру, дауыс санау және дауыс беру қорытындысын жария етуді бір күн ішінде - 4-қазанда өткізеді. Ал ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесін 2008 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей анықтауға тиіс", - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам сенат депутаты бола алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны