15.04.2011, 17:44 4689

Сенат ҚР бас прокуратурасы лауазымына ұсынылған Дауылбаевтың кандидатурасын мақұлдады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Елбасының ҚР Бас прокуроры лауазымына Асхат Дауылбаевты тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Елбасының ҚР Бас прокуроры лауазымына Асхат Дауылбаевты тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылдың 3-сәуірінен бері ҚР бас прокуроры қызметін атқарып келген Қайрат Мами бүгін парламент сенатының спикері болып сайланған болатын.

"Асхат Дауылбаев Ресейдің Свердловск қаласындағы Руденко атындағы институтын бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласында қызмет етіп келеді. А. Дауылбаев қызмет жолында Иділет вице-министрі, Мәжіліс депутаты сияқты жауапты қызметтер атқарған. Соңғы 11 жыл бойы ол Бас прокурорыдың орынбасары қызметін атқарып келеді. А. Дауылбаев өте сауатты, еліміздің мүддесін барынша қорғап келе жатқан азамат. Сондықтан ол, осы қызметке лайықты деп есептеймін",- деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

Фото: prokuror.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны