Сенат төрағасы БҰҰ Бас комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі Сезар Дюбонды қабылдады
Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Парламент cенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін БҰҰ Бас комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі Сезар Дюбонды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қ.Тоқаев босқындар ісі жөніндегі басқармамен өзара ынтымақтастығының кеңеюіне Қазақстанның мүдделі екенін атап өте келіп, жаһандық және ұлттық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық жүйесін одан әрі дамыту туралы ойларын ортаға салды.
Парламент сенаты осынау жалпы адамзаттық гуманитарлық мәселелерді шешу жолындағы маңызды қадам болып табылатын "Босқындар туралы" заңды әзірлеуге және қабылдауға жан-жақты көмек беруге әзір.
Төраға "Босқындар туралы" заң жобасын әзірлеуге қатысатын БҰҰ мен мемлекеттік органдар құрылымдарының өзара тығыз іс-қимылы қажеттігін атап өтті.
БҰҰ Бас комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі босқындарды қорғаудың халықаралық жүйесін қалыптастырудағы Қазақстанның үлесін оң бағалады.
С.Дюбонның айтуынша, босқындарға құқықтық және гуманитарлық қолдау көрсету саласындағы аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстанның өнегесін басқа мемлекеттер пайдаланатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті