11.12.2008, 17:46 2861

Сенат төрағасы БҰҰ жүйесінің үйлестіруші-резиденті, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысын қабылдады

Сенат төрағасы БҰҰ жүйесінің үйлестіруші-резиденті, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысын қабылдады

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Бүгін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ жүйесінің үйлестіруші-резиденті, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Хаолянь Шуды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар сенат пен БҰҰ Даму бағдарламасы біздің еліміздегі кеңсесінің арасындағы өзара қарым-қатынастардың қол жеткен деңгейіне қанағаттанғандық білдірді.

"Қазақстан парламентіне техникалық жәрдем" жобасының жүзеге асуы табысты ынтымақтастықтың жемісі болып табылады, деді ол.

Төраға 2009 жылы 1-2 шілдеде Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезін өткізу туралы хабардар етті. Ол БҰҰ-ның техникалық тұрғыдағы белсенді жәрдемімен өтетін болады.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі өз кезегінде ұйымның біздің елдегі таяудағы қызметінің жоспарлары туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, гендерлік саясат, экологиялық саланы дамыту мәселелеріне назар аударылатын болады.

Біздің еліміздегі БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдігінің басшысы сенат төрағасына оның БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметіне қосқан зор үлесі мен ұйымның қағидаларына айнымастығын танудың белгісі ретінде Құрмет грамотасын табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны