19.12.2008, 15:23 1478

Сенат төрағасы Дүниежүзілік инновациялық қордың атқарушы директорын қабылдады

Сенат төрағасы Дүниежүзілік инновациялық қордың атқарушы директорын қабылдады

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік инновациялық қордың атқарушы директоры Дэвид Хиллді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мейман қордың біздің еліміздегі қызметі мен инновациялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы төрағаны хабардар етті.

Д.Хиллдің айтуынша, ол ең алдымен адам әлеуетін дамыту жөніндегі жобалар, әлеуметтік-экономикалық басым міндеттерді шешуге ықпал ететін жаңа технологияларды енгізу.

Қ.Тоқаев қормен тығыз ынтымақтастыққа Қазақстанның әзір екендігін білдіре келіп, елімізде инновациялық саланы дамытуға баса назар аударылатынын атап өтті.

Осыған байланысты, төрағаның айтуынша, осы қордың жобаларын Қазақстанда табысты ілгерілету үшін зор мүмкіндіктер беріліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны