20.04.2009, 19:15 3128

Сенат төрағасы Португалия Республикасы Ассамблеясының басшысы Жайме Жозе Матош да Гамамен кездесті

Сенат төрағасы Португалия Республикасы Ассамблеясының басшысы Жайме Жозе Матош да Гамамен кездесті

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы бюросының бүгін ашылған отырысына қатысу үшін Лиссабонға келген Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Республикасы Ассамблеясының (Парламентінің) басшысы Жайме Жозе Матош да Гамамен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты түрдегі және халықаралық ұйымдар аясындағы екіжақты ынтымақтастық пен саяси өзара іс-қимылды дамытуға Қазақстанның мүдделілігін атап өтті және Жайме да Гаманы біздің елге ресми сапармен келуге шақырды.

Қ.Тоқаев сондай-ақ португалдық әріптесін Қазақстан парламентінің қызметі, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформалардан кейін оның өкілеттігінің кеңеюі туралы жан-жақты хабардар етті.

Төраға сонымен қатар жүздесушіге Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге әзірлік пен "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы таныстырды.

Қ.Тоқаев парламентаралық үнқатысудың маңыздылығын атап өте келіп, қазақстандық парламенттік делагацияның Өркениеттер альянсінің екінші жиынына қатысқаны және Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астанада өтетін ІІІ съезіне әзірлік туралы әңгімеледі.

Орталық Азиядағы ахуал туралы хабардарлығын және Қазақстанға зор ықыласын айғақтай отырып Ж. да Гама Қазақстан-Португал ынтымақтастығын дамытуға және екі ел парламенттері арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Қ.Тоқаев ауқымды мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу мүмкіндігіне және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы бюро отырысының ұйымдастырылуына ризашылық білдірді және Португалия Ассамблеясы құрметті меймандарының кітабына қолтаңба қалдырды.

Отырыс барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасы Ж.Соарештың және Ассамблеяның Бас хатшысы С.Оливердің баяндамалары тыңдалды, үстіміздегі жылғы жазда Вильнюс қаласында өтетін жыл сайынғы 18 сессиясы қарсаңындағы баяндамалар мен қарарлардың жобалары қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны