24.04.2012, 11:37 3339

Серік Ахметов бастаған үкіметтік делегация Германия Федеративтік Республикасында жұмыс сапарымен жүр

Үкіметтік делегация сапар аясында бүгін Ганновер өнеркәсіптік көрмесінде болып, жоғары технологиялар, инновациялар және өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы жетістіктермен танысты.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов бастаған үкіметтік делегация Германия Федеративтік Республикасында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметтік делегация сапар аясында бүгін Ганновер өнеркәсіптік көрмесінде болып, жоғары технологиялар, инновациялар және өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы жетістіктермен танысты.

С.Ахметов бастаған делегация көрмеде бірқатар германиялық және еуропалық компаниялардың басшылығымен екіжақты кездесулер және келіссөздер өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері таныстырылды.

Делегация мүшелері ертең ГФР-дың өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралайды және Фраунгофер институты ғылыми-зерттеу орталығының басшылығымен кездеседі.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Берлинде жалғасады. Онда С.Ахметов ІІІ жалпыгерманиялық Шикізат конгресіне қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны