19.10.2012, 10:21 3606

Сеулде қазақстандық дипломаттар қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Шараға оңтүстіккореялық министрліктер мен ведомстволардың, шағын және орта бизнестің өкілдері, дипломатиялық корпус, оның ішінде қазақстандық дипломаттар да қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сеул. 19-қазан. Kazakhstan Today - 17 қазанда Сеулде Корея Республикасының Қызыл Крест кеңсесі ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шараға оңтүстіккореялық министрліктер мен ведомстволардың, шағын және орта бизнестің өкілдері, дипломатиялық корпус, оның ішінде қазақстандық дипломаттар да қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық павильондарда ең көп жиналған қаражаттар табиғи апаттары құрбандарын, тұрмысы төмен жандарды, ата-анасының қарауынсыз қалған немерелерін өсіріп отырған зейнеткерлерді қолдау қорына аударылатын болады.

Корей халқының жоғары белсенілігін атап өту қажет. Олар қоғам өмірінің барлық саласына, елдің ішіндегіден тысқары осындай шараларға да белсене қатысып отырады. Олардың ішінде әртүрлі әлеуметтік акцияларды, тегін білім курстарын, күрделі хирургиялық қайырымдылық операцияларын атап өтуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны