16.06.2009, 18:06 3103

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігінің мүшелері бірқатар құжаттарды қабылдады

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігінің мүшелері бірқатар құжаттарды қабылдады

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігінің мүшелері кеше өткен кеңестің мәжілісінде бірқатар құжаттарды қабылдады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігі кеңесінің отырысы кеше Екатеринбург қаласында "Ресейдің даму және сыртқыэкономикалық қызмет банкі (Внешэкономбанк)" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Владимир Дмитриевтің төрағалығымен өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының орталық интернет-порталына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мемлекеттердің қаржылық институттарымен өзара ынтымақтастық жөніндегі ережеге және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігінің жанындағы бақылаушы-банк мәртебесі туралы ережеге, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық бірлестігіне мүше-банктер арасында өзара тәжірибе алмасу және мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны