10.12.2009, 12:31 3308

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану аясын кеңейте түспек ниетте

Олар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығына тараптардың қаржылық және басқа да сарапшыларын қатыстары отырып, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының арнаулы шотын қалыптастыру және оның жұмыс істеуінің басты принциптерін жеделдете келісуге нұсқау берді.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшылары 9 желтоқсанда Алматыда өткен кездесу барысында өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану аясын кеңейте түсуге келісті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір біз, орталық банктер біздің елдер арасындағы өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалану аясын кеңейте түсу мәселелеріне барынша назар шоғырландыратын боламыз, яғни бұл біз үшін басты мақсат", - деді Г. Марченко.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің әлеуметтәік-экономикалық ахуалы туралы, ғаламдық қаржылық-экономикалық дағдарыстың зардаптарын еңсеру бойынша ұлттық деңгейде қолданылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар туралы ақпараттар да назарға алынды. Кездесуге қатысушылар дағдарысты еңсеру шараларының уақытын тапқанын, соның арқасында елдердің ұлттық экономикалары мен қаржылық жүйелерінің тұрақтанғанын атап өтті.

Бұған қоса олар дағдарысқа қарсы шаралар туралы одан әрі де ақпарат алмасу қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшылары Қазақстан жағының Шанхай ынтымақтастығы ұйымының арнаулы шотын құру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпаратты білді. Олар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығына тараптардың қаржылық және басқа да сарапшыларын қатыстары отырып, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының арнаулы шотын қалыптастыру және оның жұмыс істеуінің басты принциптерін жеделдете келісуге нұсқау берді.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, қатысушылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесулерін қаржы саласындағы ықпалдастықтың аса маңызды мәселелерін шешу және талқылау үшін қажет болған жағдайда өткізіп отырудың орындылығын мойындады.

"Біз келесі отырыстың біріне реттеушілерді шақыруға келістік", - деді Г. Марченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны