22.04.2010, 13:15 2932

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің ТЖМ басшылары Өзбекстанда өзара ықпалдастықтың жайын талқылады

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің ТЖМ басшылары Өзбекстанда өзара ықпалдастықтың жайын талқылады

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Ташкентте 21 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің төтенше жадайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелерімен айналысатын ведомстволары басшыларының бесінші кеңесі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today UzDaily.uz басылымына сілтеме жасап.

Кеңеске Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты.

Кеңесте өткен жылы ШЫҰ елдерінде болған ірі төтенше оқиғалар мен олардан алынған сабақтар, сондай-ақ алдағы уақытта ондай жағдайлардың алдын алу шаралары туралы баяндамалар тыңдалды. Тараптар ұйым аясында төтенше жағдайларды ескерту және оның салдарын жою саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы туралы пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттама қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны