19.04.2010, 14:46 2980

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Қырғызстанға экономикалық көмек көрсетеді - ұйымның бас хатшысы

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Қырғызстанға экономикалық көмек көрсетеді - ұйымның бас хатшысы

Бішкек. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Бішкекте Қырғыз Республикасының уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаева мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Муратбек Иманалиевтің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

М. Иманалиевтің хабарлауынша, оның сапарының басты мақсаты - Қырғызстандағы ахуалмен өз көзімен танысу. "Мен Қырғызстанның уақытша үкіметінің мүшелерімен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылау үшін келдім. Республика қиындықтарға атп болды. Осыған байланысты Қырғызстан мен оның халқының мұқтаждықтарына қатысты шынайы ақпарат алу аса маңызды. Ұйым Қырғызстанға экономикалық көмек көрсетеді",- деді бас хатшы.

Ол Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Қырғызстанмен арадағы байланысы одан әрі беки түседі дегенге үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны