16.07.2007, 18:02 2505

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Еуропалық кеңестің Парламенттік ассамблеясының өкілдері Қазақстандағы сайлау барысын бақылайтын болады - ҚР СІМ

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Еуропалық кеңестің Парламенттік ассамблеясының өкілдері Қазақстанда өтетін парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға атсалысу ниетін білдірді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Еуропалық кеңестің Парламенттік ассамблеясының өкілдері келесі айдың басында келеді деп күтіп отырмыз", - деді І. Омаров.

Баспасөз хатшысы осы орайда "қазіргі жағдаймен ЕҚЫҰ бақылаушылары миссиясының үйлестіруші тобы мен ТМД делегациясы бақылаушылардың жұмысына дайындықтардың жайын талқылау үшін елімізге келгенін" еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны