14.10.2009, 12:38 1456

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшыларының кеңесі ғаламдық қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеру жөнінде бірлескен бастама көтермек ниетте

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшыларының кеңесі ғаламдық қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеру жөнінде бірлескен бастама көтермек ниетте

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшыларының кеңесі бүгін Пекинде өтетін отырыс барысында ғаламдық қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеру жөнінде бірлескен бастама көтермек ниетте. Бұл туралы бүгінгі отырыста РФ үкімет басшысы Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біз дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде ынтымақтастықтың барлық тиімді тұстары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға тиіспіз, және оған бүгін біз қабылдайтын ғаламдық қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеру жөніндегі бірлескен бастама жақсы негіз қалайды. Бұл құжат Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі дағдарысқа қарсы шараларды үйлестіруге мүмкіндік береді", - деді В. Путин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны